Алматыда белсенділер экологиялық сенбілік өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық белсенділер «Таңбалы» қорық-музейінде экосенбілік өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараны Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалық офисі, «Алматы аруы» байқауының дирекциясы, республикалық «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы мен «Eco World» ЖШС ұйымдастырды.


Сенбілікке Алматы қаласының еріктілері, «Алматы аруы» байқауының финалистері және қала тұрғындары барлық қауіпсіздік шараларын ескере отырып қатысты.

«Сенбілік жастардың назарын экологиялық проблемаларға, оның ішінде қоршаған ортаның ластануына аударып, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және еріктілер қызметін дамытуға бағытталған», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.


Биылғы шілде айында Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қоқысты азайту үшін «StopMusor» әлеуметтік жобасын іске қосқан болатын.

«StopMusor» жобасы қала тұрғындарының сауаты мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, мәдениетті дамытуға, қоқысты азайту үшін тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция барысында тұрмыстық қатты қалдықтар түріне қарай бөлек жиналды. Қайталама шикізат қайта өңдеуге жіберілді.


Соңғы жаңалықтар