Алматыда бір тәулікте 3,5 мың адам вакцина алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3584 адам коронавирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 11 мамыр күні 3 584 алматылық вакцина салдырды. 1 ақпаны мен 11 мамыр аралығында қалада барлығы 256 015 адамға екпе салынды. Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны - 30 369.

«Жалпы дозаның ішінде қазақстандық QazVac вакцинасы 3 000 дана, яғни, 16 күннің ішінде 2 990 адам вакцина алды. 3 мамыр күні қытайдың Sinopharm вакцинасы 15 мың дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті 1 224 адамға егілді» - деп атап өтті басқармадан.

Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 1 727 011 адамға коронавирус вакцинасы егілді.


Соңғы жаңалықтар