+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Алматыда бір терапевтік учаске жүктемесі 2 мың адамнан асады

2021 жылғы 24 қараша 17:05
Бөлісіңіз:
Алматыда бір терапевтік учаске жүктемесі 2 мың адамнан асады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір терапевтік учаске жүктемесі 2 мың адамнан асады. Бұл туралы брифинг барысында қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Архимед Мұхамбетов: Медицина ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарттық Алматыда «Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр Алматыда көліктердің экологиялық нормаларға сәйкестігін тексеріп жатыр

«Бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша жалпы практика дәрігерінің бір учаскесіне жүктеме – 1 616 адам, жоспарлы жүктеме – 1 700 адам, бір терапевтік учаскеге – 2 164 ересек адам, жоспар бойынша – 2 200 адам, педиатриялық учаскеде жоспар бойынша 6 жасқа дейінгі 500 бала болуы тиіс, ал мұндағы балалар саны – 777»,- дейді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Оның айтуынша, бүгінде педиатриялық учаскелерде 14 жасқа дейінгі балалар тіркелген. 6 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсететін педиатриялық учаскелердің жүктемесі кезең-кезеңмен азайтылатын болады.

«Жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесін ескере отырып, биыл Алматыда МСАК ұйымдарында жалпы практика дәрігерлерінің 15 қосымша учаскесі ашылды. Қала бойынша барлығы 989 учаске ұйымдастырылған»,- дейді ол.

Сонымен қатар, Лаура Мырзағали Алматы тұрғындары бүгін «Даму» мобильдік қосымшасында электрондық қызметтердің кең спектрін пайдалана алатынын мәлім етті.

Мысалы, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін, аурухана парақтарын қарау, дәрі-дәрмектерді табу және тағы басқалары.

«Нәтижесінде пациенттерге қызмет көрсету уақыты 20%-ға, кезекте тұру уақыты 30%-ға қысқарды. Пациентті дәрігерге жазу уақыты 2 есе және дәрігерді үйге шақыру уақыты 1,5 есе азайды», - деп атап өтті спикер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT