+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Алматыда биыл электр самокат тепкен  5 адам қаза тапты

2021 жылғы 22 қазан 13:45
Бөлісіңіз:
Алматыда биыл электр самокат тепкен  5 адам қаза тапты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 9 айдың ішінде электр самокаттарға қатысты 277 жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр Алматыда көліктердің экологиялық нормаларға сәйкестігін тексеріп жатыр Алматыда 15 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, соңғы жылдары мегаполисте мопед, электр самокат, электр скутер секілді көлік құралдарын жүргізушілердің саны артқан. Мұндай көлік түрлері қалада жүрудің ыңғайлылығы, жүргізу үшін оны тіркеу және оқудан өту, рұқсат алу қажеттілігінің болмауына байланысты танымал болды.

Айту керек, электр самокаттары өте жоғары жылдамдықпен - сағатына 80 км-ге дейін жүре алады. Бірақ, заңда оған қорғаныс құралдары мен жылдамдықты шектеу шаралары қарастырылмаған.

« Электросамокаттарды пайдаланушылар санының артуы өліммен аяқталған жол апаттарының өсуіне әкелді. Мысалы, егер 2018 жылы барлығы 66 жол оқиғасы тіркелсе, 2020 жылы олардың саны 2 есе өсті (130). Ал биылғы 9 айдың өзінде 277 жол апаты болып, 5 адам қаза тапты, 296 адам түрлі дене жарақатын алды», - деп жауап берді біздің жіберген сауалға полиция департаменті.

Еске салсақ, сенатор Нұртөре Жүсіп депутаттық сауалында жол қауіпсіздігі мәселесін көтерген болатын. Ол заңды түрде жаяу жүргіншілерді электр самокаттары мен гироскутерлерден қорғауды ұсынған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT