USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда болған оқиғаларды полицей өлең жолдарымен баяндады

2022 жылғы 14 қаңтар 14:10
Бөлісіңіз:
Алматыда болған оқиғаларды полицей өлең жолдарымен баяндады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда болған оқиғаларды Бостандық аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Динара Мағзұмова өлеңмен баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда әскери полицияның өкілеттігі кеңейтілмек Алматыда «омикрон» жұқтырғандар саны тәулігіне 2,5 мыңға дейін өсті - дәрігер Болгаркамен кескен: Елордада төлем терминалының ақша салатын жәшігі ұрланды

«Менің жолдасым да полиция қызметкері. Бес күн бойы тәртіпсіздіктер мен полиция ғимараттарына жасалған лаңкестік әрекеттердің жолын кесуге қызмет етті. Біз - жас отбасымыз. Шынымды айтсам, мен ол үшін қатты уайымдадым. 4 қаңтарда бүкіл жеке құрам қызметкерлері арнайы дабылмен шақырылғанда, мен асығыс ұялы телефоныма төрт шумақ өлеңімді теріп, жолдасымды қолдау үшін жібердім. Біраз уақыттан кейін «Кең байтақ – рухты ел қазақ даласы!» деп осы шығарманы жаздым», – дейді аға лейтенант Динара Мағзұмова.

Оның айтуынша, ол бала кезінен өлең жазады. Кітап шығару ойында бар.

«Бірақ бұл болашақтың еншісінде. Ал әзірше мен өзімді елдің амандығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолында жұмыс істеуге арнадым», - деді, полиция инспекторы.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT