Алматыда британдық штамм талданған сынамалардың 78 пайызында анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда талданған сынамалардың 56 пайызында коронавирус штамның мутациясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда эпидемиологиялық жағдай жаңа штамдардың пайда болуымен күрделенді. Мегаполистегі аранайы зертханада талданған үлгілердің 56% -нан мутация анықталды. Эпидемиологтардың ПТР зерттеулері бойынша британдық штамм талданған сынамалардың 78 пайызында табылды», - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында

Сонымен қатар, ол соңғы бір ай ішінде амбулаториялық емделушілердің саны артқанын жеткізді. Қалада барлығы 7011 төсек- орын дайындалған. Қазір оның 58% бос емес.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша Алматыда 667 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 574-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 93 -і симптомсыз ауырған.


Соңғы жаңалықтар