Алматыда бұрынғы жеміс комбинаты аумағындағы құрылыс жобасы өзгереді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы бұрынғы «Жеміс консерві комбинаты» аумағында «Rams Kazakhstan» құрылыс компаниясымен жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, компания ұсынған құрылыс жобасын өзгертуге міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, жобаны қайта қарау кезінде Алматы қаласы әкімдігінің және қоғам өкілдерінің ұсыныстары ескеріледі. Сонымен, құрылыс салушы жобада әлеуметтік нысандардың, оның ішінде білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, мамандардың ұсыныстарына сәйкес ғимараттардағы қабат саны өзгертіледі. Бұл ретте абаттындыру мен көгалдандырумен демалыс аймақтарын құруға ерекше назар аударылатын болады.

Бұрынғы комбинат аумағындағы құрылыс жобасының әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Алматы әкімдігі жаңа құжатпен жұмыс жасау үшін қаланың жетекші сәулетшілері - С.Фазылов, Н.Хамитов, А.Ақпай және басқа да беделді қала құрылысшыларын шақырды.

Бұған дейін хабарланғандай, О.Жандосов, 94, 94/16, 94/8; Ә. Кекілбайұлы к-сі, 6; 20-линия к-сі, 39 («Жеміс консерві комбинаты» ауданы) мекенжайындағы жер учаскесіндегі құрылыс жобасын жүзеге асыру тоқтатылды.

Халыққа қызмет көрсету нысандары бар көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін жобалау алдындағы құжаттама кері қайтарылды.

Сонымен қатар, осы жылдың 26 сәуіріне жоспарланған жобаның бірінші нұсқасы бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша қоғамдық тыңдаулар тоқтатылды.

Алматы қаласының көрсетілген аймағында құрылысқа жол берілмейді. Өзгертілген жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі тек көпшіліктің талқылауына, қала тұрғындарының қолдауына ие болғаннан кейін ғана қарастырылады.


Соңғы жаңалықтар