Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша 580 жобалық ұсыныс түскен

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 23 тамыз - 29 қыркүйек аралығында Алматы тұрғындарынан 580 жобалық ұсыныс түскен. Ең көп өтінім Алатау ауданын абаттандыру бойынша келіп түсті (145). Одан кейін Әуезов (118), Наурызбай (85), Алмалы (70), Медеу (54), Бостандық және Жетісу (39), Түрксіб (30) аудандары.

«Бюджетке қатысу» қалалық жобасына қатысу үшін әрбір ниет білдіруші қалалық ортаны дамыту идеясын budget.open-almaty.kz порталына жібере алады. Өтінімдерді қабылдау 30 қыркүйекте (қоса алғанда) аяқталады. Егер бұл бастама басқа тұрыңдардың дауысымен қолдау тапса, ол қалалық бюджет есебінен жүргізіледі. Жобаны жүзеге асыруға Алматы қаласының әкімдігі 6,4 млрд теңге бөледі. Әр ауданға - 800 млн теңгеден.

1-12 қазан аралығында аудан әкімдіктерінің сараптамалық комиссялары жобаларды «Халықтық қатысу бюджеті» ҚР заңнамасына, «Алматы қаласын дамыту» бағдарламасын ұйымдастыру және өткізу туралы ереженің талаптарына сәйкестігіне іріктеуді жүзеге асыратын болады.


Соңғы жаңалықтар