Алматыда «Дала академигі» Жазылбек Қуанышбаевқа арналған конференция өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда атақты шопан, «Дала академигі» Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына арналған «Қазақстанның қой шаруашылығы: өткені, бүгіні және келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқалы жиын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласынан туындайтын негізгі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі басымдықтарын және ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы инновациялық тәсілдерді насихаттауға өз үлесін қосады.

Шараның мақсаты - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың өмір жолы негізінде жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру, «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын дәріптеу, қазақстандық аграрлық білім мен ғылымның әлеуетін дамыту.

Конференцияға ҚР Мемлекеттік хатшысы, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің басшылары, облыстардың, қалалардың, аудандардың әкімдері, Ұлттық Ғылым академиясының академиктері, ірі агроқұрылымдардың өкілдері, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа да елдердің ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының басшылары мен ғалымдары қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар