Алматыда демалыс аймағының иесіне 640 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда демалыс аймағы карантинге қарамастан жұмыс істеп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, жүзу бассейні бар кешен, тексеру көрсеткендей әдеттегі кестеге сай жұмыс істеген. Шамамен 30 адам демалып жатқан.

«Олардың арасында кішкентай балалары бар отбасылар да болды. Демалушылар ортақ бассейнді пайдаланған, тіпті әлеуметтік қашықтық пен негізгі гигиена туралы ұмытып кеткен сияқты. 28 адамға қатысты СЭС өкілдері ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады. Сонымен қатар, демалыс аймағының иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері – 230 АЕК, яғни 638 940 теңгені құрайды», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.


Соңғы жаңалықтар