Алматыда дүкен тонағандар Атырауда ұсталды
Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 12 қаңтарда «Алматы-Атырау» пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексерген.
«Жолаушылардың сөмкелерін тексеру кезінде Ақтау қаласының 3 тұрғынынан Алматы қаласындағы Mon Amie дүкенінің тауарлары табылды. Бұл – 30 дана әтір суы, 55 дана косметикалық бұйым. Тексеру іс-шарасы теміржолдың күзет фирмасы мен Ұлттық ұлан
әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірге жүзеге асырылды. Аталған дерекке қатысты ҚР
Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 3-бөлімінің 3) тармағымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазір ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Атырау
стансасындағы желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы
Мейірбек Өтеғали.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктіден атыс
қаруы тәркіленгенін хабарлаған едік.