USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда дүңгіршектерді тонаған үш қыз бен екі жігіт ұсталды

2022 жылғы 15 қаңтар 20:36
Бөлісіңіз:
Алматыда дүңгіршектерді тонаған үш қыз бен екі жігіт ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дүңгіршектерді тонаған қылмыскерлер ұсталды. Олар ұрланған заттарды пәтерде қоқыс қапшықтарына салып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үш қабатты ғимараттан өрт шықты Алматыда «Safari Mebel» компаниясы қала тұрғындарын 15 млн теңгеге алдап кеткен Аурухана қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде тәулік бойы операция жасады - Алматы

Әуезов ауданының полиция қызметкерлері қылмыстық жолмен алынған заттар сақталған пәтерді анықтады.

Онда үш қыз және екі жас жігіт тұрған. Сұғанақтардың «Asia Park» сауда үйінде орналасқан бутиктерді тонағаны анықталды.

Олар пәтерлерінде көршілерден алған тістеуіктердің көмегімен ұрланған киімдердің магниттік жапсырмаларын жұлып тастаған.

Полицияның ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың ең кішісі 19 жаста, үлкені 28-де. Алматыға еліміздің басқа аймақтарынан келген. Заттай айғақтары тәркіленді. Қазір күдіктілер қамауға алынды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT