Алматыда Е-Polisia KZ мобильді қосымшасы іске қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы E-Polisia KZ қосымшасын әзірледі. Осы бағдарлама арқылы азаматтардың қалада жүруіне рұқсаты бар-жоғын анықтауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД мәліметінше, E-Polisia KZ қосымшасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен дайындалды және бүгіннен бастап іске қосылды.

«Бұл бағдарлама арқылы коронавируспен күресу жөніндегі жедел штабтың арнайы мәліметтер базасында ЖСН және көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірімен тексеруге болады. Енді кез келген азамат өзінің мобильді құрылғысын пайдаланып, қосымша арқылы қалада карантин кезеңінде жүруге рұқсаты бар-жоғын біле алады. Демек, біздің Call-орталыққа 254-40-07 телефонына қоңырау шалудың қажеті жоқ.Сондай-ақ, осы қосымшаның көмегімен сіз онлайн режимінде полицияға өтініш,шағым, бере аласыз.Сонымен қатар, коронавирус туралы тиісті ақпаратпен танысуға да болады. Бүгінгі таңда көптеген азаматтарды жоғарыда аталған тақырып қызықтырады, сондықтан «Жиі қойылатын сұрақтар» айдары аталған тақырыпқа бейімделген. Қосымшада карантин аймағының периметрі бойынша жол тосқауылдарын кесіп өту ережелері туралы бөлім бар», - дейді Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов.

Қосымшаның басты бетінде полиция басқармасы, аудандық әкімдіктер мен полиция бөлімдерінің, сондай-ақ учаскелік пунктілердің мекенжайы көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар