+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Алматыда «Egemen Qazaqstan» газетінің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

2019 жылғы 8 қараша 14:11
Бөлісіңіз:
Алматыда «Egemen Qazaqstan» газетінің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Egemen Qazaqstan« газетінің 100 жылдығына орай мерекелік шаралар циклі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қытай 6G технологиясын жасап жатыр – Әлемдік баспасөзге шолу Астанада жылдың үздік баспасөз хатшысы анықталды Ләззат Танысбай отандық сериал өндірудегі басты проблемаларды атады

Бүгін Гоголь 39 мекенжайындағы ғимаратта қазақ тарихындағы ең қабырғалы газет - «Egemen Qazaqstan« басылымының құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.


«Санаулы күндерден кейін еліміздің бас газеті өзінің ғасырлық мерейтойын өткізеді. Осыған орай, еліміздің әр аймағында мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. «Egemen Qazaqstan« газетінің ғасырлық тарихында Алматы қаласының орны бөлек. Басылым ұжымы біздің Алматымызға 1929 жылы Қызылордадан толық көшіп келді. Содан бастап, 70 жылдай басылымның редакциясы біздің алып шаһарымызда орналасып, жұмыс істеген. Сондықтан, Алматы төрінде осынау ескерткіш-тақтаның ашылуы – тарихи заңдылық қана емес, азаматтық парызымыздың дәлелі. Бүгінгі ескерткіш-тақта арқылы Алматы шаһарының келбетіне тағы бір келісті бояу қосылды деп есептейміз. «Egemen Qazaqstan« газетінің ғасырлық тойы құтты болсын, ағайын! Тәуелсіздігіміз ғасырларға ұлассын!», - деді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.


Айта кету керек, дәл осы ғимаратта газет редакциясы 1987 жылдан бастап 12 жыл бойы шығып тұрған.

«Құрметті халайық, толқығаннан көзіме жас алғым кеп тұр. Менің мекенім, туған жерім десем де болады. Күні түні осы газетте жұмыс атқарғанбыз. Біздің жұмыс инемен құдық қазғандай еді. Құдай жарылқап, еңбегімізді халқымыз бағалап жатыр. Бұл бүкіл қазақтың тойы деп білемін», - деді басылымның ардагері Тұрысгүл Дайрабаева.

Бір ғасырлық тарихы бар жылнаманың 100 жылдығына оарй өткізілетін шаралар мұнымен аяқталмайды.





Бүгін сондай-ақ, «Жұлдыз» мейрамханасында басылымның бұрын-соңды басшылығында болған, қызмет істеген, өмірден өткен журналистерінің рухына бағышталып ас берілді.

Сонымен қатар, бүгін қала әкімінің қатысуымен Ұлттық кітапханада басылымның тарихы мен келешегі туралы ғылыми конференция өтеді.


«Egemen Qazaqstan« республикалық газеті 1919 жылы алғаш рет Орынбор қаласында «Ұшқын» газеті болып жарық көрген. Одан кейінгі жылдар да аты бірнеше рет өзгерген газеттің аты соңғы рет 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» болып өзгертілді де, осы атпен 54 жыл бойы жарық көріп тұрды. Ал 1991 жылы еліміздің егемендік алуына байланысты «Егеменді Қазақстан» болып өзгертілді.







Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, БАҚ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT