Алматыда екі қабатты дәмханадан өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Алатау ауданында дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданы, «Ақбұлақ» шағын ауданы «Бәйтереков 13» мекенжайы бойынша өрттің жоғары дәрежедегі шақыртуы бойынша жұмыс істеп жатыр. Онда екі қабатты «Терраса» кафесі отқа оранды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнында жедел штабтың жұмысы орнатылып, жанып жатқан жерден 50 литрлік 3 газ баллоны эвакуацияланды.

Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар