Алматыда екі көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Toyota Caldina» мен «Mercedes-Benz» автокөліктері соқтығысып, жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жантүршігерлік жол апатынан видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 15: 30-да Шығыс айналма жолында болған.

«Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі 1990 жылы туған азамат Д. Шығыс айналма жолында Сахариев көшесінің солтүстік жағында «Тoyota Caldina» автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан «Mercedes-Benz» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады полициядан.


Соңғы жаңалықтар