Алматыда «Ел үміті» жастар марафоны өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 16 қараша күні Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Қорының ұйымдастыруымен «Ел үміті» жастар форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл – екінші марафон, алғашқысы 3 қараша күні батыс өңірінің жастары үшін Ақтөбеде өткен болатын.

«Халық арена» спорт сарайында Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларының білім және ғылым, бизнес пен медицина, мәдениет және спорт, экономика және қоғамдық өмірдегі белсенді жастары Елбасы қолдауымен жүзеге асырылған бағдарламалардың арқасында жеткен жетістіктерімен бөліседі», - деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметінен.

Марафонға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысатыны күтілуде.

Қазақстан қалаларында өткізіліп жатқан аталған марафон Елбасының «Ел үміті» бастамасының аясында ұйымдастырылып жатыр. Басты мақсат – талантты балалар мен жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету, делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар