Алматыда электр самокатпен бара жатқан қызды көлік қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда электр самокатпен бара жатқан қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 10 мамыр күні кешке болған.

«Honda CRV көлігінің жүргізушісі М. Мақатаев көшесімен батыс бағытта келе жатып Абылай хан көшесінің қиылысында оңға бұрыла бергенде электр самокат мінген 21 жастағы қызды қағып кетті. Апат салдарынан жарақат алған бойжеткен № 4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін ол үйіне жіберілді», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Аталған деректі Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар