Алматыда электр жарығы неге жиі өшеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар электр қуатының жиі өшірілетініне шағымдана бастады. Әкімдік оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаевтың айтуынша, қаладағы электр желілері тозған. Сондықтан апаттар жиі болады. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жөндеу қызметі шұғыл жұмыс істейді. Әр ауданда жедел қызмет көрсету жасағы бар.

«Қаладағы апаттардың барлығы біздің бақылауымызда. Бір сағаттың ішінде апатты анықтап, тез арада электр қуатын іске қосуға тырысамыз.Электр энергиясы тұрақты, жыл бойы, тәулік бойы жұмыс істейді. Апаттың түрлері көп. Ең бастысы, біздің қаламыздағы барлық апаттар бір сағатта қалпына келтіріледі», - деді Айдар Беркімбаев.


Соңғы жаңалықтар