Алматыда ер адам көпірден секіріп, мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ер адам жаяу жүргіншілерге арналған көпірден секіріп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін, 17 қыркүйек күні, сағат 13:00 шамасында полицияның жедел басқару орталығына Сүйінбай даңғылында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінен ер адамның секіріп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

«Суицид жасаған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қайтыс болған адамның жеке басы анықталуда. Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады»,– деп хабарлады полициядан.


Соңғы жаңалықтар