Алматыда есірткіге еліткен автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Өтемісұлы көшесіндегі «Шаңырақ» шағын ауданында 103-ші бағыттағы автобус жүргізушісі қолға түсті.

«С. есімді 1976 жылы туған автобус жүргізушісі құжаттарын тексеру барысында өзін дұрыс ұстап тұра алмаған. Инспекторлар оны медициналық куәландырудан өткізуге шешім қабылдады. Сот-есіртке сараптамасының қорытындысына сәйкес, С. есімді азамат каннабиноидтарды қабылдағаны анықталды. Жүргізушінің өзі оны жоққа шығармайды. Ол бірнеше күн бұрын марихуана шеккенін айтты. Бұл жерде автопарктің әкімшілігі есірткіге масайған адамды жолаушыларды тасымалдауға қалай жіберген деген сұрақ туындайды. Себебі бұл жүздеген жолаушы мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін үлкен қауіп», - деді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полициясы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Аманбек.

Сондай-ақ, Н. Аманбек жүргізушінің автобусты жүргізуден шеттетілгенін айтты. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Істің материалдары жақын күндері шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберіледі.

Автор: Данияр Дәуітәлиев

Соңғы жаңалықтар