Алматыда есірткіні жарнамалаған баннердің қалай пайда болғанын әкімдік түсіндіріп берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының орталық көшелерінде QR код арқылы есірткі жарнамаланған баннерлер туралы әкімідік түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге жіберілген жарнаманың алғашқы эскизінде QR код арқылы кіретін сайтта мұндай жарнама болмаған. Кейін өтініш берушілер сайттағы жарнаманы өзгертіп жіберген. Аталған факті бойынша барлық материалдар құқық қорғау органдарына берілді, баннер жойылды. Тергеу амалдары жүргізілуде », - деп хабарлады Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы.

Сонымен қатар, әкімдік көпшілікті тыйым салынған заттарды пайдаланбауға шақырды.

Бұған дейін, Алматы қалалық полиция департаменті есірткіге жарнама жасап, баннер ілгендерді іздеп жатқандығын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар