Алматыда фельдшерге қол көтерген тағы бір адам қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда фельдшерге қол көтерген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жедел жәрдем фельдшеріне дене жарақатын келтірген 26 жастағы А.есімді азаматқа қатысты шешім шығарды.

«Бұзақы ҚР ҚК 73-бабының 1-бөлімі (ұрып-соғу) бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынды»,-деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін, Ақкент шағын ауданының 35жастағы тұрғыны көмек көрсетуге келген медициналық қызметкерді соққыға жыққан болатын.



Соңғы жаңалықтар