Алматыда халық санағы қалай өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгінгі күнге дейін 264 268 онлайн санақтан адам өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгінгі күнге дейін қала тұрғындарының 86% - sanak.gov.kz платформасын, 10% - egov.kz сайтын, 4% - Aitu мобильді қосымшасын пайдаланып, сұрақтарға жауап берді.

Онлайн санақтан өту үшін ұялы телефоннан Aitu мессенджерін жүктеу арқылы жасауға болады.

Содан кейін sanak.gov.kz мамандандырылған сайтындағыдай тіркеу және санақ сауалнамасының сұрақтарына жауап беру қажет.

Халық санағына 15 қазанға дейін онлайн режимінде қатысуға болады.

Ал офлайн кезеңі 1-30 қазан аралығында өтеді.


Соңғы жаңалықтар