Алматыда ірі ЖОО-ларды қала сыртына көшіру ұсынылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Kazakhstan Urban Conference 2019 отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы 2050» стратегиясына қатысты тұрғындардың ұсыныстарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, қала тұрғыны Әлішер Сағидоллаев ірі ЖОО ғимараттарын қала сыртына шығаруға ұсыныс білдірген.

Шаһар басшысы бұл ұсыныс мұқият талқылауды қажет ететіндігін, егер ЖОО-лар қала сыртында өз университеттік кампустарын салса, жақсы болатынын атап өтті.

«Кейбір университеттер қала сыртында өз қалашығын құрап, кампус жасаса болады. Алатау инновациялық технологиялар паркі маңына орналасу туралы біраз университет басшылығы ұсыныс білдірген де болатын. Алайда, бұл сұрақ мұқият талқылауды қажет етеді. Себебі, ол жақта орналасу үшін алдымен, ыңғайлы көлік инфрақұрылымын шешіп алу керек. Мүмкін, метроны тарту керек, әлде қаламен байланысты жақсартуға мүмкіндік беретін басқа да жолдарды іздеу қажет», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар