Алматыда із-түссіз кеткен 19 жастағы жігіттің денесі табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда із-түзсіз жоғалған 19 жастағы Ілияс Егізбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке орай, бүгін таулы аймақта Ілияс Егізбаевтың денесі табылды. Жетісу аудандық полиция басқармасы 19 жастағы тұрғынға іздеу жариялаған болатын. Сот медициналық сараптама тағайындалды»,- деді Полиция департаментінен.

Айта кетейік, әпкесі 19 мамырда түскі 15:00 шамасында Ілияс Егізбаевтың үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы желіде жарияланған болатын.





Соңғы жаңалықтар