Алматыда қанша адамның баспана кезегінде тұрғандығы белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 26 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Бұл туралы Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда қалада 26 мыңға жуық адам үйге кезекте тұр. Көпбалалы аналардан 2180 адам, жетім балалардан 600, әлеуметтік осал топтардан 12 мың, мемлекеттік қызметкерлерден 10 мыңға жуық адам кезекте тұр. 2020 жылы 3 мыңға жуық үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде «Алматы жастары» бойынша 188 жасқа пәтер кілті табыс етілді»,– дейді Айбек Сайделдаев.

Сонымен қатар, ол республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 1696 адамнан өтініш түскенін атап өтті.

«Бақытты отбасы» бойынша 1696 адам өтініш берді. Несие беру лимиттерін ҚР ИИДМ өңірлер бойынша бөледі. Алматы қаласына 3,7 млрд теңге сомасына 376 қарыз бөлінді, оның ішінде: 188 – көпбалалы отбасы, 188 – толық емес отбасы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылары бар. 2020 жылғы 7 тамызда 155 несиелік қарыз берілді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар