Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 21-22 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды.Тауда абай болыңыздар»,- делінген ведомстваның хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Алматыға қар жауды.

«Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, қалада ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

«21 сәуірде Алматыда күндіз жаңбыр, қар жауады деп күтіледі. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан жел, екпіні 10 м/с-ден 23-28 м/с дейін. Ауа температурасы түнде + 5, күндіз +7 жылы болады», - деп хабарлаған болатын «Қазгидромет» РМК филиалы.

Бүгін Алматыда қар жауды.



Соңғы жаңалықтар