USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда қар жауды: Таңертең 57 жол-көлік оқиғасы тіркелді

2021 жылғы 22 қазан 12:03
Бөлісіңіз:
Алматыда қар жауды: Таңертең 57 жол-көлік оқиғасы тіркелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы ауа райының күрт бұзылуына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жас жігітті соққыға жыққан адам ұсталды Ақтөбеде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті Алматыда коронавирус жұқтырған 257 мың адам ауруханада жатыр

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

«Бұл үндеу, көлік құралын басқаратын қаланың жүргізушілеріне арналады. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін көрсетуге және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарындағы қайғылы жағдайларды болдырмауға көмектеседі», - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
Полиция өкілінің айтуынша, жедел басқару орталығына бүгін таңертеңгі 08:00-ден бастап «102» пультіне жол-көлік оқиғасы туралы 57 хабарлама түскен. Бұған дейін күн райын болжаушылар Алматыда ауа температурасы күрт төмендейтінін хабарлаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT