Алматыда карантин күшейтілді: Оқушылар қалай оқиды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Білім басқармасы карантин жағдайында оқушылардың білім алу тәртібі туралы бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, 13 наурыздан бастап Алматыда оқушылар онлайн режимге қайта көшеді», - деді білім басқармасы.

Бұған дейін Алматыда 43-тен астам мектеп дәстүрлі білім алуға көшкен болатын.

Қалада жалпы 287 мың оқушысы бар 278 мектеп бар. Оның ішінде 270 мың оқушыға білім беретін 207 - мемлекеттік және 17 мың оқушысы бар - 17 жекеменшік білім ошағы.

10 наурызда Алматы короновирус бойынша «қызыл» аймаққа енді. Қалада 13 наурыздан бастап карантин шаралары күшейді.

Алматы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мектеп сыныптарында оқушы саны 25-ке жеткізілмеуі тиістігін айтты.


Соңғы жаңалықтар