Алматыда карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин режимін күшейтуге бағытталған жаңа қаулыны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыға сәйкес, екiншi семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн ерiктi негiзде құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданған. Бұл ретте күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимiн, әлеуметтiк қашықтық сақталуы керек.

Сондай-ақ І курс студенттеріне жатақханада тұруға рұқсат берілген. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң: 1-ден 5-ке дейiнгi (халықаралық мектептерде 7-ші сыныпқа дейін), 9,11 (12) - сыныптарының оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн тамақтандыруды ұйымдастыру міндеті жүктелген.

Қаулының толық мәтінінмына сілтемеден оқуға болады.




Соңғы жаңалықтар