Алматыда карантин талабын бұзған 40 нысанның жұмысы тоқтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пандемия кезінде Алматыда сот шешімімен карантин ережесін қасақана бұзған 40 мекеменің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия жанындағы мониторинг топтардың үйлестірушісі Рауан Есіркенов санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың сақталуын бақылау шеңберінде 32 мониторинг топ жұмыс істейтінін хабарлады. Әр аудан бойынша 4 топ бар.

Мониторинг топтары жұмыс режимі, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтой шектеуін, әлеуметтік қашықты, бетперде режимін қадағалайды.

2021 жылғы 1 қаңтар мен 12 наурыз аралығында 1 039 рейд жүргізілген.

8190 нысан қамтылды, карантиндік шараларды бұзылған 715 объект анықталды.

745 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға 57 213 540 теңге болатын 160 хаттама толтырылд. Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 585 хаттама толтырылып, 25 684 185 теңге айыппұл салынды.

Жыл басынан бері сотқа 58 материал берілді. Бұл бойынша ҚР ӘқбК 462-бабының 3-бөлімімен жауапкершілік қарастырылған.

Алатау ауданы бойынша «Жақсылық» дәмханасы, «Центр шашлыка» дәмханасы, «Шамо» ЖШС бильярд клубы, «Эгоист» компьютер клубы, «Алатау» СОО, «Alimus» бильярд клубы, «Әлем» караоке клубы, «Лейла»дәмханасы.

Алмалы ауданы бойынша: «Финик» мейрамханасы, «Fizika» түнгі клубы, «Boohouse» дәмханасы, «Пират» дәмханасы, «Еndorphin» кафесі, «Где то» дәмханасы, Loto Club, ЖК ТОПАЗ.

Әуезов ауданы бойынша: «Рыба моей мечты» караоке-бары, «Ejelgi Arman» ЖШС лото клубы, «Лабиринт» дәмханасы.

Бостандық ауданы бойынша: «Sunset» мейрамханасы, «Шмель» таверн, «Alfa International Construction and Trade Company» ЖШС «Queer» түнгі клубы, «Queer» түнгі клубы, «Kango» ЖШС батут паркі, «Nino» мейрамханасы, «Мята» лаундж бары, «Министры» караоке-клубы

Жетісу ауданы бойынша: Ж.А. Ниязовтың компьютер клубы, «Gameclub» ойын клубы, жеке кәсіпкер С. Қуандықовтың ойын алаңы, жеке кәсіпкер С. Э. Пайзаеваның «Ломатик» ойын залы, «ГринККМ» ЖШС лото клубы, жеке кәсіпкер А. Н. Рақымжанованың лото клубы.

Медеу ауданы бойынша: «Виктория» бинго клубы, «Ordagamecenter» ЖШС компьютер клубы, «Манана» мейрамханасы, «Пугасов» мейрамханасы, «Бармаглот» бары, «hookan Dreems» кафебары, «Айлина» мейрамханасы, «Небо» бары», «Rush7gill pub» бильярд клубы, «Loto» клубы, «AVANGARD» ойын клубы, «Лауреат» мейрамханасы, «Жалбыз» бары, «Avangard» ойын клубы, «Bacha» бары, «Bacha»бары.

Наурызбай ауданы бойынша: «Премьера» кафесі, «Таужолы» кафесі, «Baqsarai» мейрамханасы (банкет залы).

Түрксіб ауданы бойынша: «Қазақстан Жастар Таэквон-до федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «БекАр» ойын клубы, «Erbil» мейрамхана-қонақ үй кешені, «ВAZA» ойын клубы, «Talavi» мейрамханасы, «GABALI»кафесі.

Естеріңізге сала кетейік, пандемия кезеңінде 4 188 рейд жүргізілді, 22 400 нысан қамтылды, карантин шараларын бұзған 4 994 нысан анықталды. 2020 - 2021 жылдардағы тексеру нәтижелері бойынша заңды тұлғаларға (бизнес объектілеріне) шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін 191,3 млн теңгеге 566 хаттама толтырылды.

2020-2021 жылдары 40 нысан карантин нормаларын бұзғаны үшін қызметін тоқтатты.


Соңғы жаңалықтар