Алматыда карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салатын алаяқтар пайда болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қыз бен жігіт кәсіпкерлерге карантин талаптарын «бұзғаны үшін» айыппұл салып қалтасын қағып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар өздерін «СЭС қызметкерімін» деп таныстырып, нысандарға заңсыз айыппұл салып отырған.

«Қалада осылай оңай олжа тауып отырған топ бар. Олар өздерін «СЭС қызметкеріміз» деп таныстырып, бизнес субьектілерін тексеріп жүрген. Санитарлық заң бұзушылықтар байқаған жағдайда олар ақша бопсалаған. Ондай кезде міндетті түрде құжатын сұрау керек», - деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин

Ол, сонымен қатар, осындай алаяқтыққа куә болған адамдар болса, қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне хабарлауды сұрады.


Соңғы жаңалықтар