Алматыда қару-жарақ қоймасы табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қару-жарақ сақталған құпия орын «Шаңырақ» ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйдің еденінің астынан табылды.

Белгілі болғанындай ол жерде тәртіпсіздікке және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан төрт адам қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтаған.

«Атап айтқанда, тінту кезінде оқтары бар екі мырыш, 12 РГД және Ф-1 гранатасы, АК-47-ге арналған екі патрон, оқ өткізбейтін киім, қалқандар, дулығалар, РПГ снаряды, тегіс ұңғылы мылтық, тоғыз мылтық табылды. Айғақты заттар тергеу-жедел тобымен процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігімен және ҚР ҚК-нің 291 бабы 1 бөлігімен тіркелді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Полиция өкілін айтуынша, ұсталғандар арсенал табылған жалдамалы үйде бірге тұрған.


Соңғы жаңалықтар