Алматыда «Қазақфильм» ғимараты өртеніп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралды.

«14 тамызда сағат 21:33-те кезекші пультіне Әл-фараби көшесі 176 үй мекенжайындағы ғимарат күзетшісінен хабар келген. Алматы қалалық төтенше жағдай күштері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп, өртті сөндіруде», - деді ТЖД баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, оқиға орнында оттың екі ошағы шыққан. Бөлек қалқада тұрған ағаш материал, сосын екі қабатты ағаш ғимарат жанып жатыр, оттың таралу қаупі жоқ. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Өртті сөндіруге ТЖД, Полиция бөлімі мен іс-қимыл жасау қызметінен 53 адам мен 16 бірлік техника тартылды.

Екі ошақта да өрт ауыздықталды.




Соңғы жаңалықтар