Алматыда Қажымұқан көшесі бір түнге жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қажымұқан көшесі бір түнге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 қыркүйек кешкі сағат 21:00 -ден 21 қыркүйек таңғы сағат 9:00-ге дейін Медеу ауданындағы Қажымұқан көшесі Мендіқұлов көшесінен Достық даңғылына дейін көлік қозғалысы шектеледі.

«Бұл шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астында өтетін құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты», - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар