+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алматыда кенеге қарсы күрес басталды

2021 жылғы 16 сәуір 11:58
Бөлісіңіз:
Алматыда кенеге қарсы күрес басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда саябақтар мен скверлерде кенеге қарсы зарарсыздандыру шарасы басталды. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 30-дан астам адамды кене шақса, оның жартысына жуығы - балалар Қызылорда облысында 2 адамнан Конго-қырым қанды безгегі анықталды

Осы шара аясында қаланың 8 ауданы бойынша 2402,54 гектар жерді алып жатқан 9 орман паркі, 136 қалалық саябақ, скверлерде өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

2021 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша өңделген учаскелердің ауданы 497,630 га құрады, оның ішінде:

- Алатау ауданының саябақтары мен скверлері -2,930 га;

- Алмалы ауданының саябақтары мен скверлері - 46,700 га;

- «Медеу» табиғи паркінде 8 учаскіде - 448,000 га (өңдеу жалғасуда).

Дезинфекциялық іс-шараларды «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы»ШЖҚ РМК филиалы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандарының тікелей бақылауымен жүргізеді.

Құрылған дезбригадалар қажетті жабдықтармен, көлікпен, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған.

Кенеге қарсы ем жүргізу үшін «Циперметрин» инсектицид-акарицидті препараты пайдаланылады.

Өңдеу жұмыстары таңертең жүргізіледі. Өңдеуге жататын учаскілердің шекараларында «Кенеге қарсы өңдеу жүргізілуде!» деген ескерту хабарламасы бар тақтай орнатылады.

Қала тұрғындары келесі сақтық шараларын сақтауы керек:

- кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден алшақ жүру керек;

- жердегі шашыратқан препарат кепкенге дейін үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерге жібермеу керек;

- өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды («Циперметрин» препартының қолдану нұсқаулығына сәйкес).

Алматы және Алматы облысының іргелес аумақтары кене энцефалитінің тасымалдаушысы иксод кенелері таралған эндемиялық аймаққа жатады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT