Алматыда кімдерге әлеуметтік төлем беріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Төтенше жағдай режімі енгізілген кезден бастап табыс көзінен айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем жасау үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Мұқажанова онлайн брифинг барысында әлеуметтік төлемдер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетінін айтты.

Бұл қаражатты макро және микро, шағын және орта бизнес субьектілері, жеке кәсіпкерлер, жеке кеңсесі бар нотариустар, сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар, қорғаушылар, бірыңғай жинақ төлемін төлеп жүрген азаматтар ала алады.

«Жұмыс беруші өзі электронды үкімет порталына қажетті құжаттарды өзі рәсімдеуі керек. Ол өтініш, жұмыс берушінің ТЖ кезінде жұмыс тоқтатқаны туралы хабарлама, барлық жұмысшыларға шығарылған бұйрықтарды көрсетуі шарт»,- деді ол.

Жұмыс берушінің арызы жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық штабтарда қаралатын болады.

Алматыда әр 8 ауданда осындай штаб құрылған.

«Құжаттар электронды құжат айналымы арқылы мемлекеттік корпорацияға берілетін болады. МЕмлекеттік корпорация мен әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорының бөлімшелері 4 жұмыс күні ішінде ақпаратты тексеретін болады. Әр қызметкерге қатысты шешім шығарып, 2 күнде тізім жасайды. Қор қызметкерлерінің шешімі СМС жолдау арқылыхабарланады», - деді Айнұр Мұқажанова.


Соңғы жаңалықтар