Алматыда көктайғаққа қарсы 2 мың тоннадан астам құм себілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық қызмет өкілдері 2077 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалада кеше кешкі сағат 16:15-тен бастап ылғал қар жауа бастады.

Қаланың ішіне жауған қардың қалыңдығы - 8 см. Таулы аудандарда 20 см-ге дейін жетті.

Қаланың коммуналды қызметтері көктайғақтың алдын алу мақсатында қала көшелеріне 2077 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, ортақ пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Қарды тазалауға 562 техника, оның ішінде 160 құмшашқыш және 1 493 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша қар аралас жауын түске қарай тоқтайды. Ауа температурасы бүгін күндіз +1, +3 градус.


Соңғы жаңалықтар