Алматыда көлік иесі мен сатып алушы ХҚО алдында төбелескен

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Саялы шағын ауданындағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы жанында көлік иесі мен сатып алушы арасында төбелес болды. Олардың видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Қалалық Полиция Департаменті баспасөз қызметі бұл деректі растады.

«Көлік иесі мен сатып алушы арасында ұрыс болған. Арты төбелеске ұласқан. Даудың себебі анықталып жатыр. Бұл дерек ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді», - деді полициядан.


Соңғы жаңалықтар