Алматыда көлікпен байланысты қандай жобалар жүзеге асырылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі көлік жобалары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«BRT бойынша жобалау жұмыстары жалғасуда. Басталған жол жобаға сәйкес Желтоқсан көшесіне түсіп, содан кейін Төле би көшесімен Шығыс айналма жолына шығып, Halyk Arena арқылы жоғарыдағы депоға түсіп, артқа бұрылады. Қазір желілер көбейді. Сондықтан жобалау жұмыстары қоғамдық көліктерге арналған арнайы желілерде жүргізілуде «, - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол қаладағы LRT-ға қатысты қиын мәселені атады.

«Бұл жерде қаржыландыру мәселесі туындайды, оған көп қаржы қажет, жүздеген миллиард теңге, қазіргі девальвацияны ескере отырып, бағаны нақтылау қажет. Біз жаболаушыларымен біргіп қала бюджеті мұны қаншалықты көтере алатынын талқыладық. Маған метро туралы сұрақ қойылды, мүмкін метро қажет емес шығар дейді. Метро республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Мен үкіметтің алдына қалалық бюджетке мұндай жобаны іске асыру қиын екенін айтып, үкімет арқылы қаржыландыруларын сұрадым. Алайда Үкімет екі қымбат жобаны бірдей қаржыландыра алмайтындарын жеткізді. Қазір метроның құрылысын аяқтауымыз керек. Сондықтан LRT-ға қатысты түрлі нұсқалар қарастырылады»,– деді әкім.


Соңғы жаңалықтар