Алматыда қонақүйден өрт шығып, 57 адам эвакуацияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Hotel Plaza Almaty» қонақ үйінен өрт шығып, 57 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 мамыр күні сағат 22:21 – де Алмалы ауданы, Қожамқұлов көшесі, 270/120 мекенжайы бойынша орналасқан «Hotel Plaza Almaty» қонақүйіндегі өрт туралы хабарламаға өрт сөндірушілер шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бригадасы 6 қабатты қонақүйдің цокольдық қабатында орналасқан, саунаның жанып жатқанын анықтады. Ғимараттың барлық қабатын қою қара түтін басып, адамдар өміріне қауіп туған»,- дейді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қасыбаев.

Айтуынша, қонақтар қонақүйдің терезелерінен көмек сұраған. Өрт сөндірушілер дереу құтқару жұмыстарын бастады. Күштер мен құралдарды жұмылдыру бойынша өрт болған жерде жедел штаб құрылды. Құтқару жұмыстарына газ түтінінен қорғау қызметінің 12 буыны, үш өрт сөндіру автосатысы, төрт үш иінді жылжымалы баспалдақ жұмылдырылды.

«Жану концентрациясының өнімдерінің азайту және түтінді жою үшін АД-120 автомобилі қолданылды. Қабылданған жедел шаралардың арқасында 57 адам құтқарылды. Құрбан болғандар жоқ. Өрт сағат 23:25-те (келген сәттен бастап 59 минут) ауыздықталып, сағат 23:44-те сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 42 адам, 14 бірлік техника жұмылдырылды»,- деді департамент басшысы.


Соңғы жаңалықтар