Алматыда көпбалалы отбасыларды қолдау жөніндегі жұмыс тобы құрылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімінің орынбасарлары Ержан Бабақұмаров пен Сапарбек Тұяқбаев «Бақытты отбасы» көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау орталықтарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуда көпбалалы отбасы мүшелерін жұмыспен қамту, жеке кәсібін жүргізу, материалдық базаны кеңейту, баспана жағдайын жақсарту мәселесі талқыланды.

Бүгінде «Бақытты отбасы» орталықтарында жұмыспен қамту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Іскер әйелдер қауымдастығымен біріге отырып Isker аna жобасы іске қосылды.

Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, 2019 жылдың тамызынан бері тұрғындар «Бақытты отбасы» аудандық орталықтарында ақпараттық кеңес алған.

Сондай-ақ 2800 аса адам грант иеленіп, жеке бизнестерін бастаған.

«Біздің қаламызда ең белсенді адамдар – әйелдер. Сондықтан, олардың өзара пікір алмасатын, проблемалары шешілетін сұхбат алаңы болуы тиіс», - деді Е. Бабақұмаров.

Кездесу қорытындысына сәйкес әлеуметтік орталықтардың жұмысын жақсарту бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.


Соңғы жаңалықтар