Алматыда коронавирус жұқтырған 189 бала ауруханада жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1514 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық Денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1953 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 55, келіп түскені – 177.

«Инфекциялық стационарларда 1514 адам бар. (Төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 189 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 83 адам жатыр.

Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 35 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 11 561 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 10 907 науқас.

Симптомсыз 654 науқас бар.


Соңғы жаңалықтар