Алматыда коронавирус жұқтырған 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3475 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 645 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 553, симптомсыз – 92 науқас тіркелді.

«Инфекциялық стационарларда 3475 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 95 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 236 адам жатыр. Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 60 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 90 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4830 пациент бар. Оның ішінде 4240 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда. 590 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар