15:13, 26 Наурыз 2020 | GMT +6
Алматыда коронавирусқа тестті қай жерде тапсыруға болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті Алматыда коронавирусқа тест тапсыру шарттарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Комитеттің Telegram-каналында таратылған ақпаратқа сәйкес, коронавирустан тестті кез келген адам тапсыра алмайды.
«Тестті тек дәрігердің бағыттауымен ғана тапсыруға болады. Көп адамдар өздерінің көңілін орнына түсіру үшін COVID-19-ға тест тапсырғысы келеді. Ресми түрде талдаулар Алматыдағы 3 аккредиттелген зертханада тапсырылады. Тестілеуден өту үшін салмақты аргумент қажет - адамда қандай да белгілер болуы тиіс. Ал дене қызуы жоғарылап, жөтел басталса жергілікті емханадан дәрігер шақырту керек. Экспресс-тестілер өзін шынымен де жайсыз сезінген адамдарға арналған», - делінген ақпаратта.