Алматыда коронавируспен ауырған 365 науқас жазылып, үйіне оралды
12 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 597 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 535, симптомсыз – 62 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 365, келіп түскені – 289.
«Инфекциялық стационарларда 3 162 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 88 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 217 адам жатыр.
Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 60 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
High flow-да 89 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 906 пациент бар.
Оның ішінде 3403 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда.
503 адамда коронавирус белгілері жоқ.