+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Алматыда коронавируспен күрес жайлы фотосуреттер байқауы жарияланды

2020 жылғы 17 қазан 14:53
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавируспен күрес жайлы фотосуреттер байқауы жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі мегаполистің барлық тұрғындары мен қонақтарын COVID-19 вирусына қарсы күрес шараларын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жобаға қатысуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаның мақсаты - коронавирустың жаңа толқыны, респираторлық аурулардың өсу қаупі қарсаңында тұрғындарға санитарлық нормаларды, әсіресе маска режимін сақтаудың маңызы, пандемиямен күресте алдыңғы қатарда тұрған жандардың (медицина қызметкерлері, эпидемиологтар, полиция қызметкерлері, еріктілер және басқа) жұмысының құндылығы және олардың денсаулығы үшін жауапкершілік туралы еске салу.

«Кез келген адам қаланың коронавируспен күресіне деген көзқарасын білдіретін 5 фотосуретке дейін немесе басқа графикалық суреттерді (карикатура, иллюстрациялар) жібере алады. Жіберілген фотосуреттердің сапасы кемінде 300 dpi болуы керек» делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Жоба мына кезеңдерден тұрады:

– жобаға қатысуға өтінім (оған жұмыстарды жіберу, аты-жөні және байланыс деректері кіреді);

– жұмыстарды іріктеу, қаланың 8 ауданы аумағында фотоөнімдерді орналастыру;

– қорытынды шығару және үздік жұмыстардың авторларын марапаттау (байланыссыз форматта).

Беру форматтары:

– JPEG;

– ең аз рұқсат етілгені 300 dpi;

– ең үлкен мөлшері 10 Мб артық емес.

Өтінім 25 қазанға дейін қабылданады. Жұмыстарды photovystavka@mail.ru электронды поштасына немесе Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің поштасына info@rsk.almaty.kz поштасына жолдау қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT