Алматыда коронавирустен қайтыс болғандар зиратында жерленгендер неге көп

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов коронавирустен қайтыс болғандардың зиратында неге 32 адам жерленгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде қалада коронавирустен Алматыда 10 адам қайтыс болған. Қалған 22 адам - коронавирус инфекциясы қосымша диагноз ретінде жазылғандар», - деді Ерлан Кожағапанов.

Мұның алдында бірқатар БАҚ зиратта 32 адам жерленгенін, тағы 12 орын дайындалғанын жазған болатын.

Айта кетейік, бүгінге дейін Алматыда коронавирустың жалпы 2276 жағдайы расталды. Індеттен жазылды - 1276 науқас.


Соңғы жаңалықтар