Алматыда «Қош келдің, ару көктем» атты мерекелік концерт өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Білім басқармасы ЮНЕСКО клубының №6 Оқушылар үйінің жас таланттары «Халықаралық әйелдер күніне» орай «Қош келдің, ару көктем» атты мерекелік концерт өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нәзік жандыларға арналған мерекелік концертте әсем әндер, өлеңдер мен құттықтаулар орындалды.

«Көрермендерімізді «Квинта» үлгілі вокалды-эстрадалық студиясы, үлгілі «Экзерсис» хореографиялық студиясы және «Жұлдызай» би ансамблінің талантты балалары жарқыраған костюмдер, отты әуен және билерімен қуантты. Аналар мен әжелер қауымы балалардың өнеріне тәнті болып, қуана қол соқты. Біздің таланттарға разылықтарын білдіріп, қошеметтерін көрсетті», дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.


Соңғы жаңалықтар